Skip to main content
x

Платонус БАОЖТ

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркеу бөлімі ААЖ «PLATONUS»  оқу үрдісін автоматтандыру, кредиттік жүйеде оқыту ережелерінің талаптарын іске асыру үшін құрылды.  «PLATONUS» ААЖ-нің оқу үрдісі туралы барлық ақпараттарды сақтайтын, оқу үрдісі мен ЖОО-ның орталықтандырылған деректер қорының негізгі ролі бар виртуалдық жеке кабинеттерден тұрады.

Жеке кабинеттер оқу үрдісінің барлық қатысушыларына көп еңбекті қажет ететін негізгі операцияларды жеңілдетеді және автоматты түрде орындап, интеграцияланған жүйесін құрып жоо-ның біраз талаптарын орындайды.

Қызметтің негізгі бағыттары

  • КМУ-дің білім беру сапасын көтеру бағытында саясаттары мен мақсаттарын іске асыру;
  • білім беруде өмірлік циклдің салаларын іске асыру;
  • кредиттік оқу жүйесіне енгізу бойынша университетің факультеріндегі кафедраларының қызметтерін ұйымдастыруды және жедел-ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
  • оқу жұмыс жоспарын орындау үшін білім алушылардың жеке оқу жоспарларын құру және бақылау;
  • білімін тексеруде ағымдағы, рубеждік, аралық және қорытынды бақылауларын ұйымдастыру;
  • білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу (GPA орташа үлгерім балы);
  • білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын тіркеу;
  • ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық моделін құрастыруда жүзеге асыру үшін қатысу;
  • барлық оқу кезеңінде, білім алушылардың бақылау жүйесін ұйымдастыру;
  • барлық факультеттер үшін академиялық жазбаларды құрастыру үрдісін бақылау, баға қою саясатын кординациялау;
  • курстан курсқа көшіру бұйрықтарын даярлау;
  • оқу үрдісінің құрылымы мен мазмұнын ынталандыру;
  • академиялық күнтізбеге сәйкес декандар мен кафедралардың оқу үрдісін координациялау.

Байланыс мекен-жайлары:

020000,Көкшетау қ., Абай көш., 76
2 қабат, 216  кабинет, телефон 721114. 219 кабинет, телефон 721108

Электрондық пошта мекен-жайы –  platonus@list.ru

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркейтін Бөлімнің жетекшісі:

Шукенова Гулжан Прмановна 72-11-14, gulzhansummer@mail.ru


ЖИЕ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

«Platonus» ААЖ жүйесі бойынша баға қалай есептеледі?
Қорытынды баға  = Орташа ағымдағы * 0,6 + Емтихан * 0,4

Емтиханды қайта тапсыруға бола ма?
Қорытынды бақылау бойынша алған оң бағаны осы аралық аттестациялау кезеңінде, оны жоғарылату үшін қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент, аппеляцияға емтихан өткен күннің екінші жұмыс күнінен кешіктірмей бере алады.


Ағымдағы бақылау бағасын өзгертуге бола ма?
Студент теориялық білім алу кезеңінде ағымдағы бақылаудың бағасын жақсартуға құқылы.

Емтихан бағалары қойылған соң, рұқсат беру рейтингісін жақсарта ала ма?
Қорытынды бағалары өткізгесін және қойылғасын  студент рұқсат алу рейтингісінің бағасын жақсарта алуға құқылы емес.

Жасырын сөз (пароль) өзгере ме (тегі өзгертілгенде, курстан курсқа ауысқанда, басқа мамандыққа ауысқанда)?
«Platonus» ААЖ немесе бөлім қызметкерлері студенттердің және қызметкерлердің жасырын сөздерін жоғары көрсетілген себептер бойынша өзгерпейді.

Жасырын сөзін қайта қалпына келтіре ала ма?
Алдыңғы жасырын сөзді қайта қалпына келтіре алмайды. Бөлім қызметкерлері Сізге жаңа жасырын сөзін жеке сұрауыңызда бере алады.

Жүйеде фотосуретті қалай өзгертуге болады?
«Platonus» ААЖ-де өз бетінше фотосуретті өзгерте алмайды. Сіз фотосуретті электрондық түрде бөлімге (225 каб.) әкеп бере аласыз немесе platonus@list.ru  поштасына Т.Ә.А.Ж.  және мамандығын жазып жолдай аласыз.

Босатып алған сабақтар рұқсат беру рейтингісіне ықпал ете ме?
Оқытушы қойған «ж»-лер, жүйеде F болып есептелмейді және рұқсат алу рейтингісін есептеуде ескерілмейді.

Журналдағы студенттің нөлі нені білдіреді?
0 – бұл баға қанағаттандырылмаған, яғни F.

GPA қалай есептелінеді?
GPA келісі формула бойынша есептелінеді:

 

GPA қайдан көре алуға болады?
GPA транскрипте көруге болады


Ағымдағы бақылаудың және емтиханның бағаларын қалай көруге болады?
Ағымдағы бақылаудың және қорытынды бақылаудың бағалары студенттің журналында көрсетіледі.


Үшінші тұлға үшін жасырын сөз алуға бола ма?
Жоқ. Бөлім қызметкерлері Сізге жаңа жасырын сөзін жеке өзі жүгінген кезде  ғана береді.


Оқытушы бағаларды қашан қояды?
Бағалар теориялық кезеңде қойылады. Теориялық оқыту соңғы 15 аптаның жұма күні 9:00-де рейтингілік тізімдемені құрастыру үшін жабылады.

 
Курстық жұмыс қорытынды бақылау бағасына ықпалын тигізе ме?
Курстық жұмыстың бағасы емтиханға кіруге рұқсаты береді және оқудың теориялық кезеңінің соңында қойылады, яғни 15 аптананың соңында. Курстық жұмыстың мөлшері қорытынды бағасын есептеуде әрбір оқытушы өзі бағалайды.


Курстық жұмыс, тәжірибе және дене шынықтару бағалары шәкіртақы алуға ықпалын тигізе ме?
Курстық жұмыста, тәжірибеде және дене шынықтыруда алған барлық бағалар шәкіртақы тағайындауда шәкіртақы тағайындаушы комиссиямен ескеріледі.


«Platonus» ААЖ-де жұмыс туралы жетекшілікті қайдан алуға болады?
«Platonus» ААЖ-де жұмыс туралы жетекшілікті автоматты түрде хатпен жүйе арқылы оқытушылар мен студенттерге жолданған.