Skip to main content
x

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіндегі Бақылау кеңесінің отырысы

2017 жылдың 14 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің конференц-залында Бақылау кеңесінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде қаралған мәселер:
1.    Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің Байқау кеңесінің 2017-2018 оқу жылына арналған ережені бекіту.
2.     Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің 2018 жылға (2017-2021 оқу ж.) арналған Даму жоспарын нақтылау.
3.    Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің 2017 жылға арналған Даму жоспарының түзетуін келісу.   
4.    Әртүрлі мәселелер.
Байқау кеңесі Ш.Уәлиханов атындағы КМУ құзыретіне жатқызылатын Заңмен белгіленген мәселелер бойынша басқару органы болып табылады.
 Байқау кеңесі өз қызметінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасын, КМУ Жарғысын, КМУ-дің Байқау кеңесі туралы ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.  
Байқау кеңесінің негізгі міндеті – университеттің қарқынды дамуына, бәсекеге қабілеттілікті  арттыруға және мемлекеттік басқару органдарымен, ғылыми жұртшылықпен, қоғамдық-саяси және коммерциялық ұйымдармен іскери байланысты кеңейтуге мүмкіндік туғызатын басқару стратегиясын әзірлеу.  
 Байқау кеңесінің қызметі:  
– университеттің білім беру саясатын бақылау;   
– университет қызметінің нәтижелерін бағалау.  
Байқау кеңесінің жұмысы алқалық, тең құқықтық және тәуелсіздік қағидалары негізінде құрылады.   
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Әбжаппаров университетте атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ университет проректорлары мен бухгалтерлері де есеп берді.  
Соңында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің 2018 жылға (2017-2021 оқу ж.) арналған Даму жоспары нақтыланып бекітілді.