Skip to main content
x

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі Ақерке Ахметова Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі   қызметіне тағайындалды. 

         Университет үшін - бұл үлкен мақтаныш.   

ЖОО-ның ұжымы өз тәрбиеленушісін шын жүректен құттықтайды!  

Біздің түлегіміз жайлы қысқаша мәлімет.   

Ақерке Ахметова Алматы қаласына туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Sheffield Университетін, Ұлыбритания («Болашақ» бағдарламасы бойынша) аяқтады. Түрлі салаларда, оның ішінде коммерциялық құрылымдарда да жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында бас маман, халықаралық шарттар жобалырының сараптама бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық пен ынтымақтастық департаментін басқарды. 2018 жылғы наурыз айынан жаңа қызметке дейін - ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі департамент директорының қызметінде.

190920191035_1.png