Skip to main content
x

Ғылым және коммерциялау қызметі

Ғылым және коммерциялау басқармасының негізгі міндеттері:  

 

  • ҚР Үкіметі, ҚР Білім және ғылым министрлігі және басқа да министрліктер, Ғылым Комитеттері, департаменттермен тығыз жұмыс атқару.
  • Университеттің профессорлық - оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлерінің және PhD докторанттар, магистранттар, студенттердің зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру.
  • Ғылыми – техникалық кеңес жұмысын жүргізу (ҒТК - НТС);
  • Университет ғалымдарының гранттық,  бағдарламалық-мақсатты, базалық, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (ГЧП), шетелдік әріптестермен бірлескен және келісімшарт негізіндегі қаржыландыру және конкурстарға қатысуларын жұмылдыру;
  • Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту;
  • Басым ғылыми бағыттар шеңберінде университеттің құрылымдық бөлімшелері, факультеттері мен кафедраларының ғылыми жұмыстарын үйлестіру;
  • Студенттер мен жас  зерттеушілерді іздену бастамаларына үйрету, тарту. Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын жүргізу;
  • Халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру.
  • Қазақстанның, жақын және алыс шетелдерде өткізілетін ғылыми жиындар, конференциялар, семинарлар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;  
  • Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту. Оқытушылар, PhD докторанттар, магистранттар, студенттердің ғылыми конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысуларын жетілдіру.
  • Университеттегі ғылыми зертханалардың қызметін үйлестіру;
  • Патенттерді, авторлық құқық куәліктерін алу арқылы зияткерлік меншікті тиімді қорғауды ұйымдастыру;
  • Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, дамыту және есеп беру құжаттарын дайындау.